нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Баяндамалар мен есептер

Батыс Қазақстан облысының дін істері

басқармасы  дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А.Нұрахметұлы

«Өңірдегі діни ахуал және халықтың діни сауаттылығын арттыру»

Өңірімізде діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар:

Зерттеулер мен талдау жұмыстары көрсеткендей, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізгі пәрменді әдіс-тәсіл болып табылады. Соған сәйкес, жыл басында бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары дайындалып, аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, Батыс Қазақстан облысының білім, Жастар саясаты мәселелері, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, жоғары оқу орындары, құқық қорғау мен арнаулы органдар және т.б. мемлекеттік мекемелер тартылуда.

Бүгінде облыс аумағында 1 облыстық мобильді АТТ, 12 аудандық, 1 қалалық (басқармалар, кәсіпорындар жанынан) деңгейдегі, 122 адамнан тұратын 14 ақпараттық-түсіндіру топтары (әрі қарай - АТТ) қызмет етуде.

2019 жылдың 1 жартыжылдықта  ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен 59117 адамды қамтыған 1638 іс-шара   (404–кездесу, 545– дәріс, 19-семинар, 1-форум, 51 – дөңгелек үстел, 1-кеңес, 34-акция, 450- әңгімелесу, 133 – өзге шаралар) ұйымдастырылды. Соның ішінде, жастар арасында 22736  адамды қамтыған 591 іс-шара жүзеге асырылды.

Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде келесідей нысаналы топтар қамтылды: жастар, жұмыссыз жастар, қоғамдық көлік жүргізушілер, жеке автокөлік жүргізішілер, түзету мекемелерінде терроризм және экстремизм баптары бойынша жазасын өтеуші және сотталып, жазасын өтеп шыққан азаматтармен, қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтар, өзін-өзі қамтушылар (самозанятые), сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын азаматтармен, діндар студенттермен, әйел жамағатымен (сотталушы азаматтардың әйелдері және террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдер), жасөспірімдер үйіндегі тәрбиеленуші діндар азаматтар мен азаматшалар және т. б. арасында арнайы алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

А. ж. өңірдегі сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында облыс орталығында орналасқан «Alem Plaza», «Астана», «ASIAMALL», «Орал» сауда ойын-сауық кешені және «Мирлан» орталық базар манындағы «Лаура», «Рашид», «Венера», «Театральный», «Колос» сауда үйлері, «Тұлпар» базарлары қамтылды.

Сонымен бірге, жастар арасында теріс діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру және радикалдануының алдын алу бағытында облыстық және Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде 3512 оқушыларды қамтыған кездесулер, кәмелетке толмаған балалар арасында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» тақырыбында шығармашылық конкурс ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Зайырлық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, жазғы лагерьлерде демалушы жастар, спорт клубтарына қатысатын жас спортшылар, жетімдер үйі тәрбиеленушілері, кәсіпорындар қызметкерлері арасында жұмыстар жүзеге асырылды.

Республикалық және облыстық деңгейдегі білікті әрі беделді теологтар мен дін саласының мамандарын өңірімізге шақырту арқылы жүйелі түрде оқыту семинарларын (2017-2018 ж.ж. 5 семинар) ұйымдастыру тәжірибесі қалыптасқан. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы  облыстық ақпаратық-түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» директоры, теолог Сабдин Асқар Кәлімжанұлы арнайы шақыртылып, «Дін атын жамылған экстремизм және дерадикализация» тақырыбында екікүндік оқыту семинары ұйымдастырылды.

Газет-журналдар арқылы тұрғындар арасында ДДА жақтаушыларына қарсы иммунитет қалыптастыруын қамтамасыз ету мақсатында, Орал қаласы орталық базардағы «Мирлан», «Колос», «Венера» сауда үйлерінде және Орал-Самара тас жолы бойында орналасқан «Бәйтерек» авто бөлшек (авторазбор) базарында «Дүрбі» аймақтық қоғамдық-танымдық газеті таратылды.

АТТ және оңалту жұмыстарын одан әрі жетілдіру бағытында Басқарма дін саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі - ҮЕҰ) әртүрлі бірлескен іс-шаралар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша дін саласында 15 ҮЕҰ  қызмет етуде.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында Деструктивті діни ұйымдар идеяларының беделін түсіру бойынша арнайы медиа-жоспар дайындалып, 4 бағыт бойынша кешенді жұмыстар жүзеге асырылды.

2019 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, халықтың діни сауаттылығын арттыру,  конфессияаралық келісімді нығайту, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысының бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы саны 2552 материал жарық көрді. Соның ішінде мақала саны – 380, телеарналар мен радиодағы бағдарламалар – 288 (19 радио, 31 телебағдарлама, 239 бейнеролик), интернет ресурстарында орналастырылған ақпарат –1883.

2014 жылдан бері жергілікті дін тақырыбындағы материалдарды жарыққа шығарумен айналысатын, құрамы 20 адамнан тұратын арнайы журналистер пулы құрылып, олардың біліктілік пен діни сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында семинарлар (барлығы 5 семинар) өткізіліп келеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлуметтік тапсырысы негізінде  интернет-ресурстары арқылы материалдарды жариялау бойынша www.newtimes.kz ақпараттық-порталымен жүзеге асырылып келеді.

Дін тақырыбында теле-радио бағдарламалардың шығарылымын ұйымдастыру бағытында «Aqjai’yq» телеарнасының қолдауымен «Ғибрат», «Руханият»/«Духовность» рухани-танымдық бағдарламалары және дін саласындағы өзекті мәселелерді қозғайтын Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарына тарайтын «Дүрбі» аймақтық қоғамдық-танымдық тәуелсіз газеті жарыққа шығуда.

Әлеуметтік парақшалар арқылы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-танымдық, бейнематериалдар, мақалалалар, демотиваторлар, мотиваторлар, сұхбаттар, пікір қалыптастырушылар және т.б. бағытында ақпараттар шығарылуда.

Мысалы, «Жасырын неке» атты қысқа  метражды фильм 2019  жылдың 9 – қаңтарда «Youtube.com» бейнехостингінде жарыққа шыққанына қарамастан 610 мыңнан артық қарау жинаған.

«Aqjai’yq» телеарнасы «Арнайы репортаж» бағдарламасында түсірілген «Вернувшиеся из Сирии – долгая дорога домой» атты бейнероликтің қысқа үзіндісі (трейлер) және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша түсірілген «Анаға хат» жергілікті телеарналарда, адам көп шоғырланған (емхана, қоғамдық көлік, алаң, тағы да б. о.) орындарда көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «231 Қазақстандық  азаматтары Сириядан қайтарылды», «Жусан-2 операциясы», «Горечь полыни», «Жусан-3» атты бейнероликтер  және т.б. қарсы насихат бағытында бейнероликтер мен материалдар таратылып, көрсетілімдер ұйымдастырылды.