нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Басшы өмірбаяны

Мақсат Аралбайұлы Раманкулов 1987 жылы 07 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген.

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Ислам теологиясы бойынша Қазан Федеральдық университетінің магистрі.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің бас маманы

2013-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың 26 желтоқсан күнінен бастап Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы.

Үйленген, 2 бала тәрбилеуде.

«Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ-сі басшысының 2019 жылдың 1 жартыжылдық табысы туралы ақпарат

М.А. Раманқұловтың

Орта айлық табысы: 219 089 тенге

Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлік: жалға алынған тұрғын үй.