нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Халықпен жұмыс

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында өтiнiштерді қарау тәртiбi мен жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) келіп түскен өтініштерді қарау мен жеке қабылдау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және Азаматтардың өтініштерін қарау және Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Азаматтар Басқармаға ұсыныстармен, өтініштермен, шағымдармен және сұрау салулармен мемлекеттік тілде немесе өтiнiш берiлген тiлде жүгінуге құқылы. Жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтiнiш берiлген тiлде беріледі. Өтініштерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Басқармада азаматтардың өтініштерімен жұмыс, азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастыру және заңды тұлғалардан келіп түскен хат-хабарларды қабылдау әкімшілік бөлімімен қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік бөлімнің басшысы – заңгер Ғәлләм Серік Әлімжанұлы (жұмысты талдау, жеке қабылдауды ұйымдастыру, өтініштерді тіркеу, орындалуын бақылау,), №309 кабинеті, тел. 24-30-54.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері №309 кабинетте (қабылдау бөлмесі) қабылданады, тел. 50-06-70

Басқармаға азаматтардың өтініштерін қабылдау кезінде келесіні ескеру қажет:
1. Азаматтардың өтініштерінде заң жүзіндегі айғақтар болуы қажет;
2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, ал заңды тұлғаның өтiнiшiнде – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi. Өтініште арыз берушінің, ал заңды тұлғаның өтінішінде басшының қолы болуы тиіс;
3. Өзінен жоғары тұрған органдары жоқ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-әрекетіне қатысты азаматтардың өтініштері сот тәртібімен шешіледі;
4. Шешу тәртібі әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық іс-жүргізу, азаматтық іс-жүргізу және басқа да заңнамалармен белгіленген өтініштер, сонымен қатар тегi, аты, әкесiнiң аты, қолы, мекенжайы, жұмысы немесе оқу орны көрсетілмеген және сұрақтың мәні баяндалмаған өтініштер қаралуға жатпайды;
5. Егер тексеру материалдары және жауаптар белгіленген тәртіпте толық берілген болса, жаңа дәлелдер немесе жаңадан туындап жатқан жағдайлар келтірілмей қайта келіп түскен өтініштер тексеруге жатпайды.

Өтініштер жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін және жазбаша немесе ауызша нысанда ұсынылады.
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi Басқармаға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде қаралады.
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi Басқармаға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады. Өтiнiштi қарау мерзiмiн Басқарма басшысы ұзартады.

Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.
Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

Көтерілген мәселелерді шешу Басқарманың құзыретіне кірмейтін өтініштер 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей өтінішті беруші азаматқа хабарлана отырып, тиісті органдарға жіберіледі.

Көтерілген мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданған және арыз берушілерге жауап берілген өтініштер шешілген болып есептеледі.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау Басқарма басшысымен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес Басқарма басшысымен жүргізіледі.

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесі:

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Қабылдау күні

Уақыты

Раманқұлов Мақсат Аралбайұлы

Басқарма басшысы

Сәрсенбі

15.00-17.00

Басқарма басшысының жеке қабылдауына жазылу №309 кабинетте жүргізіледі, анықтама телефондары: 50-06-70,24-32-35.

 

 

2019 жылғы 10 ай бойынша Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің ТАЛДАУЫ

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен (бұдан әрі – Басқарма) 2019 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен келіп түскен өтініштеріне талдау жүргізілді.

Осылайша, 2019 жылдың 10 айы бойынша Басқармаға жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардың өкілдерінен 23 (2018 – 17) өтініш келіп түсті, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 135%-ға көп. Оның ішінде өтініш – 18 (2018 – 16), шағымдар – 0 (2018 – 0), сұранымдар – 2(2018 – 0), ұсыныстар – 3 (2018 – 1) және жауап – 0 (2018 – 0).

Келіп түскен өтініштердің санынан  қаралды –23 өтініш, орындау үстінде – 0.

Қарау қорытындысы бойынша түсініктеме берілді – 0, қанағаттандырылды –23, бас тартылды – 0, тоқтатылды – 0.

2019 жылғы 30 қазандағы жағдайы бойынша Басқармаға шағымдар түскен жоқ. Өтініштерді қарау бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

Өтініштердің басым бөлігі діни құқықтық қатынастар туралы мәселелерді құрады, олар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Басқарманың қызметкерлері азаматтардың өтініштерімен жұмысты үнемі жетілдіреді. Осы уақытқа дейін өтініштермен жұмыстың олардың келіп түсуінен бастап бақылауға алынуы және қабылданған шешімнің орындалуы бойынша нақты жүйесі жасалды.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасы талаптарын сақтауы олардың мәселелерін уақтылы және сапалы қарауына және шешуіне ықпал етеді.

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы                                С.Ғәлләм