нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Қарау жаңалықтар баспасөз қызметі

18.12.2019

Облыстық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті

2019 жылдың 13 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Кеңестің тұрақты мүшелері, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Отырысқа Кеңестің тұрақты мүшелері, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес отырыста «Жоғары оқу орындарында радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған алдын алу шараларын жетілдіру», «Діни сеніміне байланысты балаларды медициналық вакцинациялаудан бас тарту мәселелері», «Жәнібек және Шыңғырлау аудандарындағы дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайы» тақырыптары көтеріліп, облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің проректоры Т.Даришева БҚО дін істері басқармасының бастамасымен ағымдағы жылы университеттің 20 студенті діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жас спикерлерді дайындау курсынан өткенін жеткізді.  Кеңес төрағасы С.Егізбаев бұл бастаманы қолдап, БҚО дін істері басқармасының келесі жылғы жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды. «Қазіргі заманауи өмірде дін төңірегіндегі мәселелердің жаңа аспектілері пайда болуда. Бұл саладағы ақпараттық жұмыс ең бастысы жастар арасында жүргізілуі тиіс», - деп баса айтты.

Екінші мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.М.Муканов баяндама жасап, қазіргі таңда облыс бойынша 1174 екпеден бас тарту фактісі тіркелгенін айтты. Олардың көбі Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Бөрлі аударының және Орал қаласының тұрғындары.

«Діндар азаматтар көп жағдайда медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында екпеден бас тарту себебі ретінде діни наным сенімге байланысты деп формалды түрде жауап береді. Негізгі себеп екпенің бала денсаулығына қауіпсіз екеніне сенбеуінен, медицина қызметкерлеріне сенімсіздік білдіруінен», - деп түсіндірді Орал облыстық орталық мешітінің наиб имамы Б.Қ.Сабралиев. Кеңес төрағасы ҚМДБ-ның БҚО бойынша филиалының, Орал Епархиясының өкілдеріне діндар жамағат арасында бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын жие жүргізуді ұсынды. 

Үшінші мәселе бойынша Жәнібек ауданының әкімі А.Сафималиев, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары А.Бисембаев аудандағы діни ахуал жөнінде баяндама жасады.  

Жиын соңында жоғары және арнаулы оқу орындарда келесі жылы Омар Жәлеле сынды белгілі мотиваторлардың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру, студенттерді еріктілер қызметіне белсенді тарту үшін гранттық жобаларды бөлу туралы ұсыныстар айтылды. Аудан әкімдіктеріне желтоқсан айының соңына дейін дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша өз ұсыныстарын БҚО дін істері басқармасына жолдау жөнінде тапсырма берілді.