нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

01.02.2019

Облыста екпенің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2019 жылдың 1 ақпаны күні Батыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен, БҚО дін істері басқармасының ықпал етуімен ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігімен келісілген түрде, облыс көлеміндегі мешіттерде жұма күні оқылатын намаз кезінде жиналған тұрғындар арасында екпе алу мәселесіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыстық орталық мешітінде жамағат алдына шығып жұқпалы аурулардың, соның ішінде қызылша ауыруының қатері туралы сөз сөйлеп, аталған аурулардың алдын алу ретінде екпенің маңыздылығы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, діндар азаматтардың арасында екпеге қатысты жансақ пікірлердің қалыптасқандығы айтылып, бұндай пікірлердің шариғат тұрғысынан еш негізсіз екендігі жиналған жамағатқа түсіндірілді. Дәл осындай форматта, Орал қаласы бойынша орналасқан қалалық мешіттерде және аудан орталықтарындағы мешіттерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нравится