нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

29.03.2019

Басқармада өткен кезекті жиын

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Жұмағазиева Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес енгізілген әдеп жөніндегі уәкіл институтының басым бағыттары мен міндеттерін түсіндіру жөнінде қызметкерлермен кездесу өткізді. Кездесуге басқарманың мемлекеттік қызметшілері және облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері қатысты.

Жиналыс барысында әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Жұмағазиева Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәде­ниетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуының алдын алуға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен бірге, қызметтiк әдеп нормаларының сақталуы қадағаланатынын жеткізді. Жаңа қызметтің міндеттері туралы басқарманың және дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлеріне жан-жақты баяндап, қатысушылардың пікірлерін тыңдады.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілерге табысталған сыйлықты жергілікті мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсыру, мемлекеттік қызметшілердің киім үлгісі туралы бейнероликтері көрсетілді.

БҚО Дін істері басқармасының әкімшілік бөлімі

Нравится