нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

13.11.2018

Дін саласында өзекті мәселелер техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының басшыларымен талқыланды

Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2018 жылдың 12 қарашасында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы, облыстық білім басқармасы және Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментімен бірлесіп, облыстағы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының басшыларымен «Діни білімсіздік– жат ағымның жемісі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар шеңберінде деструктивті діни ағымдардың жеке тұлғаға әсері, олардың алдау-арбау техникалары мен әдіс-тәсілдері, деструктивті діни ағымдардың әлеуметтік желі арқылы теріс идеологияны насихаттаудағы жұмысы, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары, конфессияаралық келісімді сақтаудағы бірлескен жұмыстардың тиімділігі жөніндегі тақырыптарда сөз қозғалды.

Шара соңында семинарға қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жастармен профилактикалық жұмысты оңтайландыру туралы ой бөлісті.

Нравится