нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

28.11.2018

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай дін өкілдерімен кездесу өтті

Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 2018 жылдың 28 қарашасында Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы діни бірлестіктердің басшылар клубының кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес басқарма басшысының м.у.а. А.Тулепов клуб мүшелерін еліміздің Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының бастамасымен елді жаңғыртуға бағытталған жалпы ұлттық бағдарламалары, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ауқымды тарихи ролі жөнінде сөз сөйледі.

Кездесу барысында Елбасы жөнінде бейнеролик көрсетіліп, клуб отырысының күн тәртібіне сәйкес Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айдана Кенесова «Қазақстандық дінаралық келісім моделінің ерекшеліктері», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Біржан Хайруллин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тартудың негізгі тәсілдері» тақырыбында баяндама жасап, аталған мәселелер бойынша діни бірлестіктердің басшыларымен пікір алмасты.

Клуб мүшелері бірауыздан Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елде тұрақтылық пен келісім қалыптасып отырғанын,дін саласы бойынша жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдайтынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін жеткізіп,басқа да өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті.

Мәселен, клуб мүшесі Александр Димитров қазіргі таңда қоғамда белсенді көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі - кәмілет жасқа толмаған қыздар арасындағы жүктілікпен олардың 16 жасынан ата-анасының хабарынан тыс өздігінен түсік жасатуына келісім беруге қарсылық білдіріп, бұл мәселені қоғамдық отырыстарда діни бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен өткізуге құзырлы мекемелердің қаперіне жеткізуді ұсынды. Сонымен бірге, клуб мүшесі Галина Водолазова діни бірлестік өкілдері арасында қазақ тілін меңгеруге ниет білдірушілердің көптігін айтып, мемлекеттік тілді үйрететін тегін курстарды ұйымдастыруға ықпал етуді ұсынды. Басқарма басшысының м.у.а. А.Тулепов бұл мәселе бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасымен хабарласып, дін өкілдеріне арналған курстар ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, клуб мүшелерінің барлық ұсыныстары назарға алынды.

Нравится