нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

27.03.2019

Дінтану-жаңа заман мамандығы!

Өркениеттер бастауына Әлемдік діндердің қосқан үлесі мен қоғамда атқарған функциялары орасан зор. Бұл орайда, көптеген ортағасырлық философтар мен теология ғылымымен айналысқан дін қызметкерлері қалам тербеп, артына өшпес мұра қалдырды. Сонымен бірге, бұл құнды еңбектер шаң басқан архивтерде ғана сақталмай, одан әрменгі дін, философия  ғылымдарының жаңғыруына сүбелі үлестерін қосты.

Алдыңғы ғасырлардағы ғалымдар мен ағартушылардың ізденістері кейінгі буын ғалымдарына ерекше серпін берді. Нәтижесінде, ғылым дамып, мәдениеттер алға басты. Сондай бір кезеңдердегі іргелі зерттеулер мен түрлі тақырыптарға арқау болған салалардың бірі-дін мәселесі еді. Бұл өте нәзік және күрделі жүйе болғандықтан, философия саласынан өз алдына жеке ғылым ретінде бөлініп шықты.

Дінтану-Әлемдегі және Қазақстандағы енді аяқ басып келе жатқан философиялық-гуманитарлық ғылымның бірі болғандықтан, әлі де көптеген теориялық-практикалық зерттеулерді қажет етеді. Қазақстандағы дінтанудың арнайы мамандық ретінде ашылуы 1992 жылдардан басталады.

Бұл мамандықтың қазақ жерінде қалыптасуында  М.Орынбеков және Б.Құдайбергенов  сынды профессорлардың қосқан үлестері зор. Осының арқасында қазіргі кезде Қазақстанның бірқатар жоғарғы оқу орындарында «дінтану» мамандықтары оқытылуда. Атап айтсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университеті, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті Университеті мен Шет тілдер және Іскерлік карьера Университеттері. Бұл оқу орындарында Д.Кенжетай, Затов Қ.А, Құрманалиева А.Д және  жаңа діни бірлестіктерді зерттеуші отандық ғалым Борбасова Қ.М  сынды профессорлар мен Қаңтарбаева Ж.У, Сахибова Д.У сынды аға оқытушылар, дінтанушылар мен ғылым доценттері дәріс береді.

Толығырақ төмендегі интернет-ресурстары арқылы біле аласыз:

1. Әл-Фараби атынд. ҚазҰУ -https://www.kaznu.kz/

2. Л.Гумилев атынд. ЕҰУ-www.enu.kz

3. Қ.А.Яссауи атынд.ХҚТУ-ayu.edu.kz/

4. Нұр-Мүбарак университеті-https://nmu.kz/ru/

5. Е.Букетов атынд. ҚарМУ-Ksu.kz

6. Шет тілдер ж/е Іскерлік карьера университеті-https://ydu.kz/?lang=kk

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4 курс студенті Шатлан Бексұлтан

Нравится