нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

06.02.2020

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес 9 конфессияны құрайтын 78 діни бірлестік қызмет етуде. Облысымызда діни ахуал тұрақты деңгейде, діни көзқарасы бойынша қақтығыстар және дінаралық шиеленісті өршіту фактілері тіркелген жоқ.

Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс аумағында 122 адамнан тұратын 14 ақпараттық-түсіндіру топтары (әрі қарай - АТТ) қызмет етуде.

2019 жылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдар (әрі қарай – ДДА) идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, зайырлық қағидаттарын алға тартып, дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында түрлі форматта 148 343 адамды қамтыған 3928 іс-шаралар (1018–кездесу,1268– дәріс, 68-семинар, 1-форум, 87– дөңгелек үстел, 9-кеңес, 65-акция, 1076- әңгімелесу, 1- конференция, 335– өзге шаралар) жүзеге асырылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарға А.Сабдин, Н.Стамбакиев, М.Тазабеков, А.Тілегенова, Т.Мустафина, С.Алимкулова, С.Нұрбекова, Х.Адильбеков, М.Орынбай, Р.Чингужанов, Ж.Жақсығалиев, З.Усенова, А.Аянгалиева сынды танымал дінтанушы-теологтар, тарихшы ғалымдар, психолог, педагогтар тартылды.

Ақпараттық түсіндіру шаралары толығырақ тоқталсақ. 2019 жылғы 25 ақпан – 26 сәуір аралығында облыстық және Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде 3512 оқушыны қамтыған 43 кездесу өтті.

Жастар, мәдени және спорттық ұйымдар арасында жағымсыз этносаралық және конфессияаралық алауыздық және төзімсіздік стереотиптерінің көріністеріне жол бермеу жөнінде кешенді шаралар әзірлеу мақсатында 2019 жылғы 8-23 сәуір аралығында «Рухы биік елдің-еңсесі биік» тақырыбында Орал қаласындағы спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар мен тәлім алушылары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2019 жылғы 19 шілде - 5 тамыз аралығында «Зенит» зауыты» АҚ, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ, «Батыс Су Арнасы» ЖШС, «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС, «Орал трансформаторлық зауыты» ЖШС-нің қызметкерлері арасында кездесулер өткізілді.

2019 жылғы 13 қыркүйек – 2 қазан аралығында жоғары оқу және орта арнаулы оқу орындары арасында 3211 студентті қамтыған 27 кездесу өтті.

2019 жылғы 21–31 қазан аралығында Басқарманың мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі» жобасы жүзеге асырылды. Жоба Орал қаласында барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 1329 студентін қамтыды.

2019 жылғы 23-24 қыркүйек және 18-22 қараша аралығында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы(әрі қарай - РАТТ) мүшелерінің қатысуымен профилактикалық және оңалту бағытында 1784 адамды қамтыған 14 кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды.

2019 жылы АТТ мүшелерінің, имамдар мен теологтардың, облыстық журналистер пулы, құқық қорғау органдары мамандарының дін саласындағы біліктілігін арттыру бағытында 5 оқыту семинарлары және 1 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 2019 жылғы 29-30 сәуірде «Дін атын жамылған экстремизм және дерадикализация» тақырыбында 2 күндік және 20-22 тамызында «Діни экстремизммен терроризмнің алдын алудағы имамдар мен теологтардың ролі» тақырыбында 3 күндік оқыту семинары, 25 қыркүйегінде «Деструктивті діни ағымдардың мүшелерімен (адептілерімен) жұмыс істеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында семинар, 27 қыркүйегінде «Теріс діни ағым өкілдерін анықтаудың жаңа тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел, 25 қазанында «Дін саласындағы мәселелерді БАҚ-та жариялау» тақырыбында семинар. Сондай-ақ, 2019 жылғы 7 тамызында «Білімдіге дүниеге жарық» тақырыбында діндар қыз-келіншектерге арналған оқыту семинары өтті.

Облыс тұрғындары арасында, соның ішінде нысаналы топтар арасында діни негіздегі шиеленістердің алдын алу бағытында 52970 адамды қамтыған 2505 іс-шара жүзеге асырылды. Ақпараттық-түсіндіру шаралары NEET санатындағы жастар, діндар студенттер, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіндегі діндар жастар (балалар үйінде тәрбиеленгендер), жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі қамтушылар, сауда орындары мен базарларда саудамен айналысатын азаматтар, әйел жамағаты және т.б. нысаналы және тәуекел топтарды қамтыды. Атап айтсақ, 2019 жылғы 22-24 мамыр аралығында «Лаура», «Рашид», «Венера», «Театральный», «Alem Plaza», «Астана», «Asia Mall», «Колос» сауда үйлері, «Орал» сауда ойын-сауық кешені, «Мирлан» және «Тұлпар» базарларында саудамен айналысатын және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұлғалар арасында ақпараттық жұмыс жүргізіліп, үлестірмелі материалдар таратылып, сенім телефоны (24-46-46) жөнінде ақпарат берілді.

2019 жылғы 6-10 маусым аралығында «Діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзге асыру шараларын өткізу» жобасы аясында Орал қаласындағы Ю.Гагарин атындағы балалар және жасөспірімдер кинотеатрында арнаулы орта оқу орындарының 1-2 курс студенттеріне отандық «Сергелдең» фильмі, 4-15 қараша аралығында мектеп оқушылары арасында «Шестой пост» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде 2019 жылғы 19 қазанда «Қамқор» қайырымдылық акциясы шеңберінде аз қамтылған отбасылардың балаларына, «Жусан» операциясы аясында елге оралған кәмелетке толмағандарға, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қысқы киім-кешек таратылды. Акция соңында ДДА ағым жақтастарын әшкерелейтін «Жәннат» драмалық қойылымы көрсетілді.

Тұжырымдамаға сәйкес Медиа-жоспарды іске асыру шеңберінде2019 жылы республикалық және өңірлік БАҚ–да 4819 материалжарық көрді. Соныңішінде, 680 мақала, 430 теле-радиобағдарлама, бейнероликтер (39 радио, 50 телебағдарлама, 311 бейнеролик), 3709 ақпарат интернет ресурстарда орналастырылған.

Облыстық «Aqjai’yq» телеарнасының қолдауымен рухани-танымдық «Ғибрат» телебағдарламасы (2016 жылдан бері) және «Руханият/Духовность» (2014 жылдан бері) радиобағдарласы жүйелі түрде эфирге шығарылды.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарына тарайтын аймақтық «Дүрбі» қоғамдық-танымдық газеті 2019 жылғы қыркүйек айынан жыл аяғына дейін, ай сайын 1500 данамен діндар жамағат арасында тегін таратылды.

2019 жылы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде 9 бейнеролик («Дін мен дәстүр», «Зайырлы қоғам және жоғары руханият», «Исламдағы орамал түсінігі», «Қазақ ойшылары дін туралы», «Қазақтың мақал-мәтелі мен ислам діні», «Қателік дін емес, адамда», «Дін мен дәстүр», «Қолда бар алтынның қадірін біл», «Қазақ болып қал») және 1 деректі фильм («Жусан» операциясы бойынша елге оралған азаматшалармен арнайы «Две параллели-одной судьбы» атты қысқаметражды фильм) түсірілді.

Сонымен бірге, ДДА идеологиясына қарсы насихат бағытындағы «231 Қазақстандық азаматтары Сириядан қайтарылды», «Жусан-2 операциясы», «Горечь полыни», «Жусан-3», «Дін мен дәстүр» тақырыбындағы бейне сюжеттер мен роликтер әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы кеңінен таратылды. «Instagram» әлеуметтік желісінде оқырман саны 100 мыңнан – 1 млн. аралығындағы оқырман құрайтын жастар арасында танымал тұлғалардың парақшаларына салынды.

В 2019 году на основе государственно-социального заказа были сняты 9 видеороликов(«Дін мен дәстүр», «Зайырлы қоғам және жоғары руханият», «Исламдағы орамал түсінігі», «Қазақ ойшылары дін туралы», «Қазақтың мақал-мәтелі мен ислам діні», «Қателік дін емес, адамда», «Дін мен дәстүр», «Қолда бар алтынның қадірін біл», «Қазақ болып қал») және 1 деректі фильм («Жусан» операциясы бойынша елге оралған азаматшалармен арнайы «Две параллели-одной судьбы» атты қысқаметражды фильм).

«Две параллели одной судьбы» атты деректі фильм түсіріліп, 2019 жылғы 20 қазан күні республикалық «Astana tv» телеарнасында алғаш рет жарыққа шықты. Кейін телеарнаның «Youtube.com» бейнехостингіндегі каналында орналастырылды.Сонымен қатар, «Анаға хат», «Вернувшиеся из Сирии – долгая дорога домой» бейнероликтерінің көрсетілімі республикалық «Асыл арна» және облыстық «Aqjaiyq» телеарналарында, халық көп шоғырланған орындарда (емханалар, қоғамдық көліктер және т.б.) ұйымдастырылды.

2019 жылдың 5 шілдесінде облыс орталығындағы 3 мешітте (облыстық, қалалық, Байтерек ауданы Асан мешіті) Жусан операциялары аясында өңірге оралған БҚО азаматшалары жұма намазына жиналған жамағат алдында сөз сөйлеп, бастарынан өткізген қиыншылықтармен жамағатпен бөлісті. Өткізілген шара facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде, аудан орталықтарындағы мешіттерде көрсетіліп, ақпарат жергілікті БАҚ-арқылы таратылды.

Облыстық журналистер пулы мүшелерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында 2014 жылдан бастап оқыту семинарлары өткізіліп келеді.2019 жылғы 25 қазанда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің баспасөз хатшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, исламтанушы А.Кеңесбаеваның қатысуымен облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі баспасөз беттерінің, телеарналардың журналистеріне «Дін саласындағы мәселелерді БАҚ-та жариялау» тақырыбында семинар өтті. Шара барысында қатысушыларға кері байланыс орнату, семинардың ұйымдастырылу деңгейін және тиімділігін анықтау мақсатында қатысушыларға сауалнама (бағалау парағы) таратылып, нәтижесінде дәріскердің ақпараттық құндылығы 69,2%-бен бағаланды. Қатысушылар тарапынан оқыту семинарлары жиі өткізілсе деп ұсыныстарын білдірді.

Алдағы уақытта тұжырымдамада қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру өз жалғасын табады.

Нравится