нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

22.10.2019

БАЙҚАУ!

«STOP EXTREMISM!»  байқауына өтінімдер қабылдануы ашық!

Байқаудың жүлделік қоры – 1 500 000 теңге.

Қатысу шарттары:
Қазақстандық қоғамда экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған ерекше бейнеролик түсіру.
@prokuror_almaty.kz парақшаcында қатысудың басқа шарттарымен таңысыз.
Өзіңіздің жұмысыңызды stopextremism.kz@gmail.com поштасына жіберіңіз, өтініште көрсетілуі керек: аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, жасыңыз және тұрғылықты мекен-жайыңыз (қала).

Өтініштердің қабылдау мерзімі: 21 қарашаға дейін.
Байқау жұмыстары бір автордан немесе авторлар ұжымынан қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға қатысушылар Алматы қаласында өткізілетін марапаттау рәсіміне шақыртылатын болады. Сіздің жұмысыңыз төмендегі номинациялардың біреуі бойынша жүлде алуы мүмкін:

«Үздік әлеуметтік ролик» – 700 000 теңге
«Үздік идея» – 400 000 теңге
«Үздік режиссерлік жұмыс» – 300 000 теңге
Немесе 50 000 теңгелік жұбату сыйлығының бірін ала аласыз.

Байқау Алматы қаласы Прокуратурасы және "Social Development Center" қоғамдық қорымен ұйымдастырылған.

https://www.instagram.com/p/B33l7ZkH_CH/?utm_source=i..

Нравится