нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

11.10.2018

Спорт шебері Ардақ Назаров жастармен кездесті

2018 жылдың 10 қазанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының қолдауымен А.Н.Островский атындағы драма театрында ережесіз жекпе-жектің хас шебері, әлемнің үш дүркін чемпионы, әлем кубогінің иегері, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Назаров Ардақ Құттықожаұлы Орал қаласының жастарымен кездесіп, өз ой-пікірімен бөлісті.

Кездесуде ұл мен қыз тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет, отбасы құндылығы, ел бірлігі, ата-баба дәстүрі турасында әсерлі әңгіме айтты.

Ол өз сөзінде «Алла Тағала беріп те сынайды, алып та сынайды. Дүние бүгін бар, ертең жоқ. Бірақ, адамзатты сұлулықпен, мансаппен, байлықпен, дүниемен өлшеуге болмайды. Адамзаттың өлшемі - оның руханиятында, оның тектілігінде, мәрттігінде, адами құндылығында», - деп баса айтты.

Чемпион жастарды өз елінің намысты азаматы, ұлтжанды  патриоты болуға шақырды.

Нравится