нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

26.11.2019

Ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері марапатталды

26 қараша күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығымен 2019 жылдың қорытындысы бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, тұрғындардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында белсенді жұмыс атқарған ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. 

Шара барысында басқарма басшысы М.Раманкулов қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен білім басқармасы қызметкерлерінің, БАҚ, діни бірлестік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан қызметтерін жоғары бағалап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, алғыс xат табыстады.

Нравится