нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

29.05.2019

Шығармашылық конкурстың жеңімпаздары марапатталды!

«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» тақырыбы аясында  Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 29 мамыр күні шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Конкурс ағымдағы жылдың 8-22 сәуір аралығында өңірдің оқушы жастар арасында ұйымдастырылды. Конкурсқа облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Конкурс жастар арасында радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына түспеуге, еліміздің дәстүрі мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, адамгершілікке,  ұлтжандылыққа, отаншылдық пен сыйластық тәрбиелеуге бағытталған.

16 мамырда байқауға келіп түскен 188 жұмыс арнайы құрылған конкурстық комиссия мүшелерімен қаралып, нәтижесінде «Үздік сурет», «Үздік авторлық өлең», «Үздік монолог» және «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Үздік авторлық өлең» номинациясы бойынша І орынды Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1 курс студенті Ақтілек Әлібекұлы, ІІ орынды Казталов ауданы, Казталовка жалпы орта білім беретін мектебінің (әрі қарай- ЖОББМ) 10-сынып оқушысы Әсел Бикжанова, ІІІ орынды Ақжайық ауданы, Алмалы ОЖББМ-нің 5-сынып оқушысы Нағым Айболат иеленді.

«Үздік монолог» номинациясы бойынша І орынмен Казталов ауданы, Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенті Қайратов Саят, ІІ орынмен Бәйтерек ауданы  Егіндібұлақ  ЖОББ мектеп-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы Уразаева Сабина, ІІІ орынмен Ақсай қаласының №1 мектеп-балабақша кешенінің 6-сынып оқушысы Қуанышалиева Нәзира  марапатталды.

«Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша І орынға Орал қаласының №26 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушылары, ІІ орынға Бәйтерек ауданы Щапов ЖОББМ-нің оқушылары Жумагалиева Аягөз, Мендеш Еркебұлан, Қадірәлі Аслан, ІІІ орынға Қаратөбе ауданы, Жамбыл ЖОББМ-нің 5-сынып оқушысы Пауеденов Нұртілеу ие болды.

«Үздік  сурет» номинациясы бойынша І орын Орал қаласының №26 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Абилкасимова Аяулымға, ІІ орын Ақжайық ауданы М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ-нің оқушысы Турсинова Райгульге, ІІІ орын Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенті Бақытжанова Айданаға ұсынылды.

Салтанатты іс-шара барысында облыстық шығармашылық конкурстың жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, концерттік бағдарлама, қатысушылардың сурет көрмесі ұсынылды.

Марапаттау рәсіміне Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А.Нұрахметұлы, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Л.Батырғалиева, Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Г.Тасқалиева қатысты.

Нравится