нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

10.12.2019

«Тәуелсіздік - тұғырымыз, зайырлылық - дамуымыз»

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - тұғырымыз, зайырлылық - дамуымыз» тақырыбында Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында мәдени іс-шара өткізілді. Шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігі мен Орал және Ақтөбе Епархиясының, «Jas Otan» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері арнайы шақыртылды. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен Орал қалалық медресе студенттері қатысқан бұл шараның негізгі мақсаты  болашаққа сеніммен қадам басуға, жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизмге, отанына адал қызмет етуге тәрбиелеуге үлес қосу болды. Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешкедігін, аяусыз шабуылға ұшырап, әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынғандығын баяндаған Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы М.Абдрахманов, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктеріне де тоқталды. Сонымен қатар, Орал және Ақтөбе епархиясының дін қызметкері И.Дилманаев діндер достастығының, дінаралық келісімнің нышаны бейбіт еліміз екенін, сондай-ақ, мемлекетте мекен ететін түрлі ұлыстар ұстанатын дәстүрлі діндерге құрмет көрсетіліп, сыйластық саясаты жүретінін ерекше атап өтті. «Jas Otan» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Шамгалиев жастарға ұсынылып жаттырған мол мүмкіндіктерден қалыс қалмауларын, мысал ретінде еріктілер жылында жасайтын жұмыстарымен, жоспарларымен бөлісті. Шара соңында студенттер Тәуелсіз елдің болашағы қолымызда екенін сезінгендей болдық деп әсерлерімен бөлісті.

Нравится