нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

02.10.2019

Хабарлама

2019 жылғы 7 қазанда сағат 09.30-да Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының ғимаратында Батыс өңірінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау аясында қорытынды ақпараттық жиналыс өткізіледі, онда мониторинг нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын іске асырудың сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынылады.

«Десента» қоғамдық қоры № 73 шартқа сәйкес «Батыс өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру» жобасын жүзеге асырады,  ұйымдастырушысы «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Республикалық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Жобаның соңғы кезеңі тапсырыс берушілердің, орындаушылардың, БАҚ өкілдерімен және бенефициарлармен қорытынды кездесулер өткізу болып табылады. Сіздерді, сондай-ақ кез келген мүдделі тараптарды осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Өтетін орны: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 215Б, 4 қабат- 412 бөлме

Нравится