нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

06.09.2019

«Білімдіге-дүние жарық»

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, 2019 жылдың 5-6 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/3, РУ-170/2 мекемелерінде «Терроризм және экстремизм» бабымен сотталған азаматтар арасында  «Білімдіге - дүние жарық» атты интеллектуалдық білім сайысы өтті.

Білім сайысының мақсаты: білім деңгейін сынау және діни сауаттылығын арттыру.

Аталмыш шараға БҚО дін істері басқармасы бөлім басшысы, дін мәселелерін зертеу орталығының басшысы, «Түлбаев Мухаммед Гариф» мешітінің наиб имамы,  «Тәжиден Батырұлы» мешітінің наиб имамы шақырылып, қазылық жасады. Шақырылған тұлғалар және «Аманат-Жайық» ҚҚ төрағасы М.Джанисов қатысушыларға сәттілік тілеп, ілім жолындағы ізденістерінің жемісті болуын тіледі.

Сайыста Хадис ілімі, Абу Ханифа мазхабы бойынша фикх мәселесі, қазақтың мақал-мәтелдері мен салт-дәстүрлеріне қатысты сұрақтар бойынша қатысушылар өзара сынға түсті. Жазасын өтеушілер арасында білімін жан-жақты дамытуға интеллектуалды сайыстың  әсері мол болды.

Осылайша өз мәресіне жеткен білім сайысының қорытындысы бойынша білім байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Нравится