нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

14.11.2018

«Заманауи қазақ әйелінің бейнесі» оқыту семинары

Танымал журналист, блогер Марфуға Шапиянның жүргізуімен «Заманауи қазақ әйелінің бейнесі» тақырыбында жергілікті әйел жамағатына арналған оқыту семинары өткізілді. Аталмыш семинар 2018 жылдың 14 қараша күні Орал қаласының Орталық мешітінде Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Бұл оқыту семинарының басты мақсаты – қыздарды ұлттық дәстүрлер мен төл дүниетаным аясында тәрбиелеу және оларға озық заманауи құндылықтарды сіңіру.

Кездесу барысында қазақ тарихындағы әйел тұлғалар: Домалақ ана, Айғаным (Шоқан Уәлихановтың анасы), Зере, Ұлжан анамыз (Абай Құнанбаевтың әжесі және анасы), Шәкәрім атамыздың анасы, Айша (Шерхан Мұртазаның анасы), Айсәуле (Әбіш Кекілбаевтың анасы) туралы ойларымен бөлісіп, бақытты әйел болудың 7 формуласын атап өтті. Олар: Денсаулық, білім алу,  отбасы, саяхат,  хобби, спорт және ортаны дұрыс таңдау екенін айта отыра, ата - дәстүріміздің заман талғамына сай қайта жаңғыртылуы, үлкенге ізет, кішіні құрмет тұту, сәлем беру, амандасу сынды мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, М.Шапиян өзінің ютуб каналында жүргізетін айдарындағы қыздардың қысқаша оқиғалары туралы баяндап,  орамалды қыз-келіншектердің мүмкіндіктері шектеулі емес екендігін және үлкен  жетістіктерге жету үшін орамалдың кедергі болмайтынын атап өтіп, алға қойған жоспарлардың орындалуы үшін күнделікті өз-өзіңді дамытуға кеңес берді.

Кездесуде өнегелі әңгіме тыңдаған жамағат тақырыпқа қатысты пікірлерін айтып, көкейлерінде жүрген өзекті сауалдарын қойып отырды.Аталмыш кештен жақсы әсер алған жастар естелікке суретке түсіп, қонағымызға жылы тілек, алғыстарын айтып, қатысқандығы жөнінде куәландыратын сертификатқа ие болды.

Марфуға Шапиян журналист, әсіресе қыздар қауымы арасында танымал блогерлердің бірі. Ол өзінің ютюб, телеграм және инстаграм сияқты әлеуметтік желілерінде үлгі болар тұлғалардың айтқан сөздерін, оқиғаларын баяндап, кітаптың оқудың пайдасын ескерте отыра, оқуға шақырады. Қазақ мәдениеті мен әлем әдебитін қамтыған жазбаларында кітаптың жалпы мазмұнын да тыс қалдырмайды. Кітаптан бөлек, Қазақстанның керемет өлкелеріне саяхат жасай отырып, ондағы мәдениет, тарихи жерлері туралы видео түсіріп, әлеуметтік желісінде оқырмандарына бөлісіп отырады. Қазақстан ғана емес жақын шет мемлекеттерге де саяхаттап, тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмайды. Сонымен қатар жазбаларынан жариялап отырады.

Нравится