нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

01.03.2019

Мектеп оқушыларының діни сауаттылығын арттыру

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 қаңтарында облыс және қала мектептерінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының басым бағыттары мен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау арқылы оқушы жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Дін, қоғам және мемлекет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды. 

Жоспарға сәйкес 26 ақпан – 1 наурыз аралығында қалалық №1, №3, №4, №6,  №7, №9 және А.Байтұрсынова атындағы №10 ЖОББМ-ның 9-11 сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтарының қатысуымен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, деструктивті діни ағымдардың азаматтарға тигізетін кері әсері, сақтану әдістері, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, дәстүрлі діндердің ерекшелігі және т.б. мәселелерді көтеріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Сонымен бірге, шараларда «Жастардың діни сауаттылығы», «Мен - өз елімнің патриотымын!», «Дорога домой» атты бейнероликтері көрсетіліп, облыстық сенім телефоны «24-46-46» туралы ақпарат берілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 2019 жылдың 26 сәуіріне дейін жалғасын табады.

Нравится