нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

26.10.2018

Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері біліктілік денгейін арттырды

2018 жылдың 26 қазанында Орал қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен өткен «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» бойынша әр түрлі деңгейдегі мүшелерін оқыту курсы аяқталды.

Оқу бағдарламасы 40 академиялық сағатқа негізделген 3 блоктан (теориялық, практикалық және аттестаттау) тұрады.

1 блок. «Теория», бағдарламаның зайырлы, әлеуметтік-гуманитарлық және дінтанушылық бөліміне жататын пәндер енгізілді.

2 блок. «Практика», тыңдаушылардың өздік жұмысы нысанында жүзеге асырылды. Берілген тақырыптарда тұрғындардың мақсатты топтары алдындағы бақылау баяндаулары тындалды.

3 блок. «Аттестаттау», тестілеу нысанында жүзеге асырылды, ол алған базалық білімді меңгеру деңгейін көрсетеді.

Аталмыш семинарға Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының дін мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру тобының 110 мүшесі қатысып, оның 28 мүшесі ғана арнайы куәлік иегерлері атанды.

Арнайы куәлікті иелену талаптары:

·         өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамында 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы;

·         жергілікті құзырлы мемлекеттік органның ұсынысы;

·         аттестациялық тестілеудің қорытындысы;

·         курс барысында тәжірибелік жұмыстарын тыңдармандар мен сарапшылардың бағалауы.

 

Аттестаттаудан өткендерге курсты аяқтағаны туралы сертификаттар мен Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген арнайы куәлігі табысталды.

Дін істері басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Азамат Тулепов және дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы оқыту семинарына қатысқан тыңдаушылардың дін саласындағы базалық білімді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін, дүние жүзіндегі халықтарының дәстүрлері мен мәдениеттерін, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін және заңнамасының негіздерін, коммуникативті мәдениеті және сөз сөйлеуін, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеу және басқаларды тыңдау дағдыларын меңгергендігі туралы баяндады. 

Нравится