нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

12.03.2020

Дін өкілдері коронавирус инфекциясының алдын алу мәселесін талқылады

2020 жылдың 12 наурызында облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Клуб мүшелері, облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, білім басқармасының және білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты.

2016 жылы Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасымен мемлекеттік-конфессиялық және конфессияралық қатынастарды нығайту мақсатында облыстық діни бірлестіктер басшылары Клубы құрылған болатын. Клуб жұмысы шеңберінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелер талқыланып, Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасы түсіндіріліп келеді.

Бүгінгі өткен отырыс барысында «COVID-19 коронавирус инфекциясы:белгілері мен алдын алу жолдары»,   Азаматтардың және діни бірлестіктердің құқықтық жауапкершілігі» тақырыптары қозғалып, аталған мәселелер төңірегінде дін өкілдері өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы

Облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті аса қауіпті инфекциялар бөлімінің басшысы Гүлмира Кажушева діни бірлестіктердің басшыларын вирустық инфекцияның алдын алу мақсатында мәнажат етушілерге күнделікті жеке гигиена сақтау, бөлмелерді жие-жие желдету, ал вирустық инфекцияны жұқтырды деген күдік туған жағдайда тіркелген мекен-жайы бойынша емханаға қаралу қажеттігін айтты.

Нравится