нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

09.05.2019

Пресс-анонс

«Ұлы Жеңіс Күні» мереке құрметіне 9 мамыр күні дін істері басқармасының ұжымы БҚО әкімі және Орал қаласының әкімі атынан Иван Григорьевич  Кувшиновты Жеңіс Күнімен құттықтады.

Кувшинов Иван Григорьевич 1919 жылы Новопавловка ауылы БҚО дүниеге келген.  1942 жылы  жау тылында арнайы тапсырмалар орындайтын 124 бөлек, шаңғы батальонға шақырылған. Жараланып және емделгеннен кейін 2-гвардиялық, қызыл тулы, танкалық бригадаға десантник болып жіберілді.

Содан кейін оқуға жіберілді және 1-Украиндік майдан 1436 артилериялық полкта өздік жүргіште командир болып қызмет етті. 1943-ші жылы наурыз айында ауыр жарақат алған. Одан әрі Мәскеу қаласында офицерлік құрамның жеке оқу полкінде қызметін жалғастырды. 1946 жылы әскерден оралған, ҰОС мүгедегі.

Соғыстан кейін дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі қалалық комитетінің төрағасы, әскери дене шынықтыру жұмысы жөніндегі облыстық комсомол комитетінің хатшысы, дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы, № 2, 3 жалпы орта білім беретін мектептерде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Нравится