нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

17.06.2019

Пресс-анонс

Облыстық «Aqja'yq» телеарнасында 18 маусым күні сағ: 20:30-да «Ғибрат» рухани-танымдық телебағдарламасы шеңберінде  «Жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесі» тақырыбы аясында Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Иманғалиев Мирас Нүржолұлының сұхбатын тамашалай аласыз.

Сұхбаттасу барысында қазіргі жастардың рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесі, ұлы тұлғаларымыздың шығармашылықтарымен танысу арқылы қазіргі жастардың зор тәрбие алатындығы, тұлға болып қалыптасандығы мен жастардың діни сауаттылықтарының артуы туралы айтылды. Сонымен қатар, жастар ресурстық орталықтарының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жастар арасында жүргізіп отырған жұмыстары жайында сөз қозғалды.

Нравится