нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

11.09.2019

Президенттік жастар кадр резерві

2019 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің № 141 «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы бекітілді.

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдер қабылдау басталды және 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған pkrezerv.kz онлайн-платформасы іске қосылды.

Президенттік жастар кадр резерві бойынша барлық мәліметтермен толықтай танысу және тіркелу үшін жоғарыда аталған pkrezerv.kz интернет-ресурсына кірулеріңіз қажет.

Нравится