нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

19.03.2019

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» мейрамы атап өтілді

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен, М.Горький атындағы Орал қалалық кітапхасының қолдауымен 2019 жылдың 19 наурызында Орал қаласының Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» атты мәдени іс-шара өтті.

Атаулы шараға мемлекеттік мекемелер, діни бірлестіктер, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар, еріктілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәдени шара құзырлы мемлекеттік мекемелер мен облыстағы діни бірлестіктердің арасындағы мемлекеттік-конфессиялық диалогты нығайтуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. 

Нравится