нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

25.10.2018

Рухани келісім күніне орай мерекелік шара өтті

2018 жылдың 25 қазан күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласының Достық үйінде мемлекеттік мекемелер, діни бірлестіктер, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – халықтар бірлігіне бастар жол» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Шара барысында Дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Төлепов Азамат Нұғманұлы алғашқы құттақтау сөздерін айтып, кезекті құттықтау сөздерді Батыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қамбетов Медхат Мұсаұлы, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілетті имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбырайымұлы, «Орал епархиясының Спасо-Преображен приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің жетекшісі Герасим Владимир Алексеевич, Қасиетті құдай ана қажырлы жәрдем» Рим–Католик приходының Орал қаласындағы филиалының басшысы Немец Лукаш Францишек және «Христиан пресвитериан шіркеу» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Крайникова Светлана Тимофеевна арнады.

Жиыннан соӊ діни конфессиялар көшбасшылары мен дін қызметкерлері «Рухани келісім күніне» арналған ағаш көшеттерін отырғызды.

Әрі қарай аталмыш жиын діни конфессиялар өкілдері арасында спорттық шарамен жалғасты. Нәтижесінде, І орынды «Мешіт жамағаты» командасы, II орынды «Медресе 2» шәкірттері командасы, III орынды «Новая жизнь» шіркеуі командасы иеленіп, басқа да қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Нравится