нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

25.10.2018

Жұрт алдында сөз сөйлеудің машықтары үйретілді

2018 жылдың 25 қазан күні Орал қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» оқыту курсында Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы, ғылыми қызметкері Букашова Марина Тюлюгазовнаның қатысуымен «Шешендік өнер негіздері» бойынша дәріс жүргізілді.

Дәріс оқыту барысында көпшілік алдында сөз сөйлеудің теориясы мен практикасы, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәдениеті, сөз сөйлеу техникасы және қарым-қатынас орнату шеберлігі үйретілді.

Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы Марина Тюлюгазовна: «Аудитория алдында сөз алуды бастамас бұрын, аудиторияның назарын аударып, қарым-қатынастылықты жүйелеп алу қажет. Аудиториядағы тыңдаушылар, оратордың сыртқы киім-киісіне, жүрісіне, мінез-құлықтарына аса назар аударады. Аудитория алдында айтылатын сөз, алдын-ала жоспарланып, дайындалмаған болса, оратор өз тыңдаушыларының алдында еркін сезіне алмайды. Дайындалу, сөз сөйлеу барысында, оратор аудиторияны басқара, меңгере алатын ерекшеліктеріне сенімді болып, нақтылай риторикалық ережелермен жаттығулары тиіс» - деп түсіндірді.

Сол себепті, жұрт алдында сөз сөйлейтін адам әрдайым тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын аудара алу – бұл өзіңе жүктелген міндеттің басты шарты екенін ұмытпауы қажет.

Нравится