нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

25.09.2019

Психологиялық аспектілері

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында деструктивті діни ағымдардың мүшелерімен (адептілерімен) жұмыс істеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында 2019 жылдың 25 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен терроризмге қарсы комиссия мүшелеріне, қылмыстық атқару жүйесінің департаменті, құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Дін саласында түрлі сұрақтарға жауап беретін, әр-түрлі нысаналы топтармен жұмыс жасайтын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмыс сапасын жетілдіріп, біліктілігін арттыру мақсатында психолог-кеңесші және психотерапевт, «Психоаналитикалық психотерапия қауымдастығының» және  «Кәсіби психологиялық лига» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Букашева Марина Тюлюгазовна дәріс оқыды.

Семинар барысында Марина Тюлюгазовна деструктивті діни ағымдарға тартылудың негізгі себептері бала кезде алған психологиялық жарақаттан екенін айтып, жас ерекшеліктеріне тоқталды. Деструктивті діни ағымдардың адептілерімен жұмыс істеудің сатылары, аспектілері, әдістерімен тәжірибе алмасып, деструктивті діни ұйымдарға тартылуды тану және қарсы тұру тәсілдері, деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қозғалды.

Нравится