нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

24.09.2019

Республикалық ақпарат түсіндіру тобы Батыс Қазақстан облысында

23-24 қыркүйек күндері дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (әрі қарай - РАТТ) облыстарға іс-сапар кестесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. РАТТ құрамында Дінтанулық сараптама орталығы Талдау және интернет ресурстарын мониторингілеу бөлімінің басшысы, философия ғылым кандидаты, дінтанушы С.Алимкулова, ҚР Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы, исламтанушы Х.Адильбеков, Ақтөбе облысы «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталағы» КММ маманы, «Ас-салам» мешітінің бас имамы, теолог М.Орынбай.

Жоспарға сәйкес, Орал қаласында 23-24 қыркүйегінде дінтанушы С.Алимкулованың қатысуымен облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері мен спорт мектептері мен спорт клубтарының жаттықтырушыларына семинар, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Инженерлік-техникалық колледжі және Батыс Қазақстан индустриалдық колледжінің студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Исламтанушы Х.Адильбеков және теолог М.Орынбай Бәйтерек ауданы мен Теректі ауданының тұрғындарымен, оның ішінде ауыл әкімдері, білім саласының мамандарымен және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, мектеп психологтары мен дінтану пәні мұғалімдерімен, мәдени-ағарту бірлестіктерінің қызметкерлерімен және аула клубтарының әдіскерлерімен, орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен, мешіт жамағатымен және т.б. мақсатты топтармен кездесіп, ауданның діни ахуалымен танысты.

Аталмыш кездесулер барысында РАТТ мүшелері дін саласындағы мемлекеттік-құқықтық реттеуде назар аударуды талап ететін діни саладағы аспектілер, діни экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимылдың жалпы мемлекеттік жүйесі, рухани және дәстүрлі құндылықтарды сақтау, ұлттық бірегейлікті жоғалтуға жол бермеу, интернет арқылы діни экстремизм идеологиясының таралуының алдын алу және т.б. дін саласындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ, радикалды діни ағымдар ізбасарларының пайда болуы, халықтың кейбір бөлігінің діни ережелерді қате түсіндіруі, дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу жөнінде түсіндірілді.

Сонымен қоса, қатысушыларға бейнероликтер көрсетіліп, үлестірмелі материалдар таратылды.

Нравится