нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

21.08.2019

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуда имамдар мен теологтардың рөлі»

2019 жылдың 20-22 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен облыстық имамдар мен теолог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуда имамдар мен теологтардың рөлі» тақырыбындағы оқыту семинары өтуде.

Оқыту семинарының мақсаты – қоғамда деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруда облыстағы имамдар мен теолог мамандардың рөлін, біліктілік деңгейін арттыру, жұмыс сапасын нығайту.

Аталмыш шараға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» директоры, теолог Сабдин Асқар Кәлімжанұлы, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы PhD докторанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жақсығалиев Жаңабек  Жаңабайұлы  шақырылды.

Оқыту семинарында зайырлы қоғамдағы діннің алатын орны, ұлттық сана, заманауи діни ағымдар және экстремизм, исламдағы джихад ұғымы, қазіргі таңдағы хадистану мәселелері, намаз оқымайтын адамды күпірлікпен айыптау мәселесі, радикалдар идеологиясы және т.б. тақырыптағы мәселелер қозғалады.

Нравится