нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

08.04.2019

Шығармашылық конкурсқа қатысайық!

«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» шығармашылық конкурсының Ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» шығармашылық конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) облыстық деңгейде өткізіледі. 

1.2. Конкурстың ұйымдастырушылары Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру, зайырлы қағидаттарын нығайту, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, діни радикализмге қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Сонымен қатар, шығармашылық конкурс арқылы оқушы жастардың білімдерін, ой өрістерін кеңейту, толеранттылық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу.

Міндеттері: 

· діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу;

· қоғамда дінаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға ықпал ету;

· деструктивтік діни ағымдардың жеке тұлғаға, қоғамға тигізетін кері ықпалы жөнінде ой салу; 

· дәстүрлі діни құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді насихаттау;

· дін тақырыбын жариялауда азаматтардың жауапкершілігін арттыру.

3. Конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары

3.1.  Конкурс 2019 жылдың  8-22 сәуір аралығында өткізіледі.

3.2. Конкурсқа мектеп оқушылары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатыса алады.

3.3. Конкурс 4 бағытта өткізіледі:

1. Тақырыпқа сәйкес үздік  сурет

(суреттің материалдық форматы  қатысушының таңдау еркіне байланысты, сурет қағазы, А3 стандартты форматтан аспауы және төмен болмауы тиіс).

2. Тақырыпқа сәйкес үздік авторлық өлең

(өлең 10 шумақтан аспауы және 3 шумақтан кем болмауға тиіс).

3. Тақырыпқа сәйкес үздік монолог

(1беттен аспауы тиіс, А4 форматта, 14 шрифт TNR, 0,5 интервал).

4. Тақырыпқа сәйкес үздік бейнеролик.

(Бейнеролик 5 минуттан аспауы тиіс)

3.4. Конкурсқа ұсынылған материалдарға келесідей жалпы талаптар қойылады:

- мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясына, заңнамаларына, дін мәселелері бойынша мемлекет саясатына қайшы келмеуі  тиіс;

- туындылар деструктивтік діни ағымдардың жеке тұлғаға, қоғамға тигізетін кері әсерін баяндайтын, еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштықты насихаттайтын, ел мен өлке та­рихын, ұлы тұлғалардың көзқарастарын сабақтастыратын, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, елдік рухта тәрбиелеуде әсері қомақты, жүректі қозғайтын күші болуы шарт.

- Шығармада тақырыптан ауытқымай, мазмұны толық ашылуы тиіс. 

3.5. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау салтанаты бойынша:

- Жеңімпаз деп танылған өлең, монолог, бейнеролик авторлары облыс орталығында өтетін конкурстың қорытынды кешіне өз туындыларымен шақырылады.

- Қала және аудандардан жеңімпаз деп танылған оқушылардың немесе студенттердің суреттері конкурстың қорытынды кешінің сурет көрмесіне қойылады.

- Қала және аудандардан жеңімпаз деп танылған оқушылардың немесе студенттердің туындылары Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының ресми сайтында және Дін мәселелерін зерттеу орталығының әлеуметтік парақшаларында жарияланады.

- Үздік жұмыс авторлары бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады.

3.6. Конкурс екі кезеңде өтеді:

1. Аудан мектептері мен колледждері конкурстық жұмыстарын аудандық білім беру бөлімдеріне жолдайды. Аудандық деңгейдегі іріктеу конкурсынан өткен үздік жұмыстар Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына жолданады.

2. Қалалық мектептердің жұмыстары Орал қаласының білім беру бөліміне жолданады.

3. Облыстық мектептер мен колледждердің жұмыстары Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына жолданады.

4. Жиналған үздік жұмыстар нәтижесінде облыстық конкурстық комиссия құрылып, конкурс қорытындысы жасалады. Аудандық, қалалық деңгейдегі іріктеу конкурсынан өткен жұмыстар облыстық конкурстық комиссиясына 2019 жылдың 22 сәуіріне дейінгі мерзімде жолдау қажет.

Үздік деп танылған жұмыс авторлары бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: БҚО дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ, БҚО білім басқармасы.

Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 215Б (4 қабат, 413 каб.)

Байланыс телефондары: 51-06-08, 51-10-44

E-mail: dinkgu@mail.ru

Нравится