нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

09.10.2019

Діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 9 қазанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті. Отырысқа облыстағы Клуб мүшелері, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның мамандары, үкіметтік емес ұйым өкілі қатысты.

Отырыс барысында «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Муслим Джанишев «Қамқор» қайырымдылық акциясына қатысуға ұсыныс жасады, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Сандугаш Сакауова Рухани келісім күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына тоқталды.

Діни бірлестік басшылары көмек қажет ететін отбасыларға  қайырымдылық жасау бастамасын қолдауға дайындығын жеткізді. «Батыс Қазақстан Латын дәстүрдегі Католиктер үшін «Атырау Рим-Католик Апостолдық әкімшілігінің» Орал қаласындағы филиалы «Қасиетті құдай ана қажырлы жәрдем «Рим-Католик Приходының» настоятелі Лукаш Немец даун синдромымен ауратын балаларға көмек көрсету мүмкіндігін де қарастыруды ұсынды.

Сонымен бірге, «Орал қаласы Жетінші күн адвентист-христиандарының Тұрғылықты жерінің Шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Сергей Курилов ағымдағы жылдың 22 қазанында Рухани келісім күніне орай өтетін мини-футбол командысын қалыптастыруда жарысқа қатысушылардың жас аралығын нақты көрсету қажеттігін айтты.

Басқарманың бөлім басшысы Азамат Тулепов діни бірлестіктерді өз қызметін жүзеге асыруда заң нормалары аясынан шықпауға, өзара байланысты нығайтуға баса назар аударды.

Нравится