нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

26.12.2018

Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

2018 жылдың 26 желтоқсанында облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Кеңесте БҚО дін істері басқармасы басшысы М.А.Раманқұлов 2018 жыл бойынша облыстағы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының қорытындылары туралы, БҚО ДІБ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның басшысы А.Нұрахметұлы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы БАҚ-тағы жұмыстарды ұйымдастыру туралы және Ақжайық, Бөкейордасы аудандарының әкімдері Қ.Айтмухамбетов, Н.Рахимжанов аталған аудандардағы діни ахуал бойынша баяндама жасап, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

       Отырысқа Кеңестің тұрақты мүшелері, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысып.

         Көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 2019 жылғы жоспары бекітілді.

Нравится