нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

19.06.2019

Облыстық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті

2019 жылдың 19 маусымында облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Кеңестің тұрақты мүшелері, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы рөлі және Орал Епархиясының конфессияаралық байланысты нығайтудағы жұмыстары талқыланып,  Орал қаласы мен Бәйтерек аудандарындағы дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жағдайына назар аударылды.

Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов азаматтардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыруда әлеуметтік желілерді қарсы белсенді пайдалану қажетігін баса айтты.  Отырыс соңында Кеңес төрағасы көтерілген мәселелер бойынша тиісті шара қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Нравится