нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

13.09.2019

Студенттер діни сауаттылығын арттыруда

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 13 қыркүйегінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында жоғары оқу орындары және орта арнаулы оқу орындарының І курс студенттеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды. 13 қыркүйек күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттерімен дін істері басқармасының бөлім басшысы А.Тулепов және аталмыш университет ректорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Маратова, аға оқытушы, э.ғ.м. С.Исағалиев кездесті.

Кездесулер барысында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, ұлттық дәстүр мен діннің сабақтастығы, Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары, деструктивті культтер, экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізгі сипаттары, принциптері мен тәсілдері және оларға   қарсы тұру амалдары  және т.б. мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, Орталықтың сенім телефоны «24-46-46», дұрыс    ақпарат көздері берілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 2019 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жалғасын табады.

Нравится