нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

22.10.2018

Оралда батыс аймағындағы АТТ мүшелеріне арналған оқыту курстары өтуде

2018 жылдың 22-26 қазан аралығында Орал қаласында Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты бойынша «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» (Астана қаласы) мекемесінің бастамасымен «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» бойынша әр түрлі деңгейдегі мүшелерін оқыту курсы өткізілуде.

Оқыту курстарын Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысуда. Оқыту курсы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұловтың құттықтау сөзімен ашылды.

Оқыту курсы барысында РАНТ мүшесі, дінтану магистрі Абуов Тұрар Түргелұлы, «Нұр-Мәбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Сейдманов Оралхан Рахматбекович, ҚР ҚДМ Қоғамдық келісім комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Гайко Ольга Александровна (Астана қаласы), Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкері Букашова Марина Тюлюгазовна, Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, тарих ғылымдар кандидаты Раздыкова Гульназ Максутовна (Павлодар қаласы), «Intelekt Inkubator» қоғамдық қорының төрағасы Джанаев Нұрлан Алламжарович және Орал Епархиясының және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері дәріс жүргізеді.

Сонымен қатар курс басында сауалнама мен кірмелік тестілеу өткізілді.

Қатысушыларға экстремистік идеологияның ықпалына бейім тұрғындардың проблемалық санаттары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, оқыту курсының қысқаша мазмұны таратылды.

Нравится