нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

17.10.2019

Батыс Қазақстан облысында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

«Аманат-Жайық» қоғамдық қоры «Ақпараттық-түсіндіру топтарының БҚО тұрғындарына, соның ішінде діндар азаматтар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлі мәдени құндылықтарына сай келетін сананы қалыптастыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру» аясында 2019 жылғы 15 қазан - 20 қараша аралығында «АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - ҚОҒАМДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ» жобасын жүзеге асыруда.

Осыған орай, 14 қазан Облыстық орталық мешітте «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Муслим Бахтиярұлының қатысуымен аудандық және қалалық мешіттердің имамдарымен кездесу өткізілді. Кездесуді Облыстық орталық мешіттің бас имамы Қыстаубаев  Мұратбек Мұхтарханұлы ашып берді.

Аудан және ауылдық – округтердің  тұрғындары арасында діни радикализм мен экстремизмнің алдын – алу мақсатында жұмыс жасау бойынша тапсырмалар  берілді.

Кездесуде «Ақпараттық сауаттылық – қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы бойынша аудан имамдары ауылдық округтерді аралап діни негіздік идеяны қажет етпейтін сананы қалыптастыру бойынша ақпараттандыру жұмыстары және «Пайғамбар – Ақидасы» жобасы аясында аудан имамдары мешітке келуші жамағатқа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Шара соңында осы жобаларға атсалысып, лекциялар өткізуге шақырып, имамдармен келісім шартқа отырды.

Нравится