нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

11.04.2019

Жемқорлықпен күресте дін өкілдері атсалысады

Батыс Қазақстан облысындағы діни бірлестіктердің басшылар клубының кезекті отырысы шеңберінде 2019 жылдың 10 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары Б.Қонысбаеваның, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исаковтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық пен адамгершілік» тақырыбында диалог алаңы өтті. Шараға облыстағы мемлекеттік мекемелердің, діни бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің адамгершілік негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда діни ұйымдардың ролі, дін өкілдерін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарына тарту мәселесі талқыланды. Дін өкілдері сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып бірлесіп күресу қажеттігін, алдын алу жұмыстарына атсалысуға дайындығын жеткізді.

Сонымен қатар, отырыс соңында клуб мүшелеріне Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы діни бірлестіктердің қызметіне қатысты өзгерістер бойынша анықтама берілді.

Нравится