нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

19.10.2018

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Батыс Қазақстан облысына іс-сапары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын түсіндіру мақсатында 2018 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министрі Арын Берік Сақбайұлының Батыс Қазақстан облысына іс-сапары шеңберінде бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ,  Сырым ауданының активімен,  Дін саласындағы мамандармен, ҚМДБ филиалының өкілдерімен, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ жұмысшыларымен кездесулер өтті.

Шараларға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов, әлеуметтік саладағы мемлекеттік құрылымдардың басшылары, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының, қоғамдық келісім кеңесінің, зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдері, ауыл ақсақалдары, мемлекеттік қызметкерлер, имамдар, теологтар, Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары, белсенді жастар және журналистер қатысты.

Б.Арын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелердің маңыздылығын, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту басты міндет екенін баса айтты. Облыстық дін  саласында қызмет атқарып жүрген мамандармен кездесуде вице-министр Батыс Қазақстан облысындағы діни ахуалдың тұрақты сақталуын қамтамасыз ету, имамдардың біліктілік деңгейін арттыру, АТТ жұмысын тиімді ұйымдастыру, қарсы насихат жұмысын күшейту және басқа да өзекті сұрақтарға тоқталды.

Нравится