нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

22.08.2019

Орал қаласында оқыту семинары аяқталды

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуда имамдар мен теологтардың рөлі» тақырыбында облыстық имамдар мен теолог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары  2019 жылдың 20-22 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мəселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен Орал қаласында аяқталды.

Облыстағы діни тұрақтылықтың маңыздылығы мен оны сақтауда дін қызметкерлерінің ролі зор екені белгілі. Дін мəселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы Қазақстанның тәуелсіздігін баянды етуде, түрлі діни ұйымдардың теріс идеологиясына қарсы тұруда, зайырлы қоғам принциптерін ұғындыруда аянбай еңбек етуге шақырды.

Нравится