нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

30.11.2018

Кураторлар арасында үш күн бойы жалғасқан оқыту семинары өз мәресіне жетті

Студенттік ортада діни экстремизмге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 28-30 қараша аралығында облыстық орталықтағы жоғары және кәсіптік-техникалық білім ұйымдарындағы топ кураторларына арналған үш күндік оқыту семинары өтті. Аталған оқыту семинарды Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығы және Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Семинар шеңберінде экстремистік ағымдардың ықпалына түскен тұлғалардың негізгі психотиптері, әлеуметтік желідегі діни ақпараттарға мониторинг жұмысы, қазіргі замандағы исламофобияның себептері мен салдары, дәстүрлі емес ағымдардың ерекшеліктері мен зардаптары жөніндегі тақырыптарында сөз қозғалды.

Оқыту семинары түрлі ситуациялық тренингтер, студент жастармен жұмыстанудың тиімді-әдіс тәсілдеріне тоқталып, сұрақ-жауап алмасумен жалғасты.

Нравится