нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

22.04.2019

Жемқорлықпен күресте дін өкілдері атсалысады

2019 жылдың 19 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы қызметкерлеріне «Ақжайық – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде құқықтық оқыту ұйымдастырылды.
Құқықтық оқытуға Дін мәселелерін зерттеу орталығының заңгері А.Мукашев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама, оның ішінде өзекті стратегиялық мақсаттар мен міндеттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру мәселелері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы туралы баяндап, қызметкерлер арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.

Нравится