нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

25.10.2019

Тілшілер діни салада біліктіліктерін арттырды

2019 жылдың 25 қазанында БҚО дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығымен «Дін саласындағы мәселелерді БАҚ-та жариялау» тақырыбында облыстық журналистер пулына арналған семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты - облыстағы дін мәселесімен айналысатын журналистерді дін тақырыбын жариялауда ұсынылатын негізгі бағыт-бағдарлармен таныстыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысын нығайту. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі баспасөз беттерінің, телеарналардың журналистеріне «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің баспасөз хатшысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, исламтанушы Кеңесбаева Айша Аманқызы дәріс оқыды.

Семинарда дін тақырыбында ақпарат беру тәсілі, тақырып қоюдың маңыздылығы, дін тақырыбын ашуда ескерілетін ұстанымдар, дін мен дәстүр сабақтастығы және т.б. мәселелер қарастырылды.

Айша Аманқызы өз сөзінде: «Қазір дамыған ақпараттық кезең болғандықтан журналист әрбір ақпаратын сауатты, дәлелді беруі тиіс. Сол себепті берілетін тақырыптан бастап, ақпараттың әрбір сөзі, ойы қоғамның санасын оятатындай көпшілікке нақты әрі сауатты ұсынылса нәтижесін береді» – деген пікір айтты.

Журналистер тарапынан сұрақтар қойылып, көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Нравится