О религиях

Христиан діні

Қазақстандағы христиан діні

Христиандықтың Қазақ жерінде пайда болу тарихы. Христиандықтың Орта Азияда Мерві қаласында пайда болуы туралы мәліметтер ортағасырлық тарихшы Бируни еңбектерінде б.з. ІІІ ғ. деп беріледі. Тарихи деректерде  III–IV ғғ. Христиандық культ жоралғыларын өткізу үшін ғимараттар салынғандығын айтады. IV ғ. басында Соғды, Самарқанд қалаларында христиандықтың  несториандық бағытының (ерте христиандық бағыттарының бірі) митрополиясы құрыла бастағандығы туралы деректер бар. Византия мен Сирияда қуғын көрген несториандықтар Орта Азия территорияларына көше бастады. Патриарх Тимофей тұсында (VIII-IX ғғ.) түркілердің христиандықты қабылдады деген деректер бар.

Несториандықтармен қатар, Орта Азия жеріне, Иса Мәсіх тек құдайылық табиғатқа ие (христиандықтың басым бағыттары құдайылық пен адами болмыстар бөлінбейтін, Иса Мәсіхтің құдай-адам табиғатын) деген пікірдегі яковиттер – сириялық монофизиттер ене бастады. Сонымен қатар, осы аймақтарда Антиохтық патриархқа бағынатын көне сириялық православиелікті ұстанатын – мелькиттердің де болғандығы белгілі.

Алайда, түркілердің исламды қабылдауымен христиандық ықпалы әлсіреп қалды, XII-XIII ғғ. таман Орталық Азияда христиан қауымдастығы қалмады десе де болады.

2018 © Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы 
090000, БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі 45/1 
Сенім телефоны: +8 (7112) 24 46 46
Тел./факс: +8 (7112) 26 68 70
E-mail: dinzko@mail.ru

 

 

Разработка сайта   —