нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

26.01.2018

Азаматтық қоғам өкілдері сыбайлас жемқолыққа қарсы

2018 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты жаппай бірыңғай сағат шеңберінде Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа облыстағы діни бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, дін саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында діни бірлестіктердің басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы  10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын  талқылады. Соның ішінде  тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне баса мән берілді.

Басқарма басшысы діни бірлестіктердің конституциялық нормалар аясынан шықпауға, зайырлылық қағидаттарын сақтауға, өзара ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Нравится