нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Жаңалық

29.01.2018

«Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілер арасында конкурс жариялайды

090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 45 «Б» үй. Анықтама үшін телефон: 8 (7112) 243235, Е-mail: dinzko@mail.ru, Web-сайт: www.din-zko.gov.kz.

 

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы – заңгер,  (санаты D-O-3), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек өткерген жылдарына байланысты 109 932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

1. Бөлімге жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлеріне тапсырма береді және   орындалуын бақылайды;

2. Бөлімнің жұмыс жоспарын дайындайды және орындалысын қадағалайды.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен басқармада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;

4. Басқарманың құжаттарының дайындалуын құқықтық жағынан қамтамасыз етеді;

5. Сотта сондай-ақ, басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді;

6. Діни бірлестіктерде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасының орындалуын тексеру рейдтеріне қатысады және бұндай шаралардың құқықтық қамтамасыз етілуін  ұйымдастырады;

7. Дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке тіркеуге ұсынылған құжаттарды заңдылығына тексереді, жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметті үйлестіреді.

8. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуына жауапты және өкілетті органға статистикалық есеп береді.

9. Діни бірлестіктер мен дінді ұстанушылардың заңсыз қызметтеріне қатысты азаматтар мен заңды тұлғалардың үндеулерін қарастыру, оларды шешу, шаралар қолдану жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар әзірлейді.

10. Басқармада Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;

11. Заңнамалық кесімдерде көзделген жағдайда басқарманың құзіретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша басқарманың атынан түсініктеме дайындайды;

12. Басқармаға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;

14. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу жөнінде жұмыстанады;

15. Басқарманың норма жасау қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша басқарма басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;

 16. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар жоспарын дайындайды;

17. Басқарма қызметкерлерімен жыл сайынғы кіріс көздері туралы декларацияны уақытында тапсырылуын қадағалайды.  

18. Есептер, ақпараттар дайындайды.

19.Басқарманы материалды-техникалық қамтамасыз етумен байланысты мәселелерге басшылық жасайды;

20. Өзіне қарасты бөлімдерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сай мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту мерзімдерінің сақталуына және жүзеге асырылуына бақылау жасайды;

 

Ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, білім мамандықтары, құқық мамандықтары бойынша жоғары білім.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)      мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік

органныңштат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)     осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      

 

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі тиіс.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі тиіс.

 

Ішкі конкурс  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы  бұйрығы негiзiнде жүргiзiледi.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

      2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында өтеді.

 

 

Бақылаушылар туралы мәлімет:

Ішкі конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар шақырылады. Бірінші басшының келісімі бойынша жалпы конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

                                                                                                                           

 

__________________________________

__________________________________

__________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________   _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Мекенжайы және байланыс телефоны______________________________________

_____________________________________________________________________________

 

________                                      ____________________________________

                (қолы)                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

Нравится