нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Православие

Православие діндар адамдарының саны жағынан Қазақстанда исламнан кейінгі екінші орынды алатын діни бағыт болып есептеледі.

Елімізде православиенің пайда болуының алғашқы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан туындаған әскери қоныстардың пайда болуымен байланысты.

Тарихи деректер сүйенетін болсақ, Оңтүстіктегі алғашқы шағын шіркеулер мен құлшылық үйлері 1866 жылы еліміздің оңтүстігінде, жекелей алғанда Түркістан және Шымкент қалаларында пайда болды.

1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды.

Православие шіркеуінің діни ілімі Көне және Жаңа Өсиеттің Қасиетті жазуына, қасиетті Апостолдардың іліміне, Вселенский, Поместный және Архиерейлік Соборлары анықтамаларына, шіркеудің қасиетті әкелерінің кітаптарына негізделген.

Православие діни ілімінің ең маңызды қағидасы төмендегі сенімдерді ұстану болып табылады: 

  • Қасиетті үштікке – мағынасы бойынша жалғыз және үш келбетке ие Құдайға;
  • Иисус Христостың құдайлық және адами табиғатына;
  • құпияшылдық жасайтын және ішкі иерархияға ие Бірегейлік, Қасиеттілік, Соборлық және Апостолдық Шіркеу. 

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін республиканың Православиелік христиандары өз діндерінің рухани-мәдени құндылықтарын жаңғырта бастады.

Республикада православиенің құрылымдық реформасы жүргізілді.

2010 жылдан бастап Александр Могилев Астана және Қазақстан Митрополиті болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 323 православие діни қауымы және 289 діни ғимараттары қызмет етуде. 

Батыс Қазақстан облысындағы Православ Шіркеулерінің қызметі

Діни бірлестік басшысы: Орал және Ақтөбе архиепископы АНТОНИЙ.

1991 ж. 30 қаңтарда жаңадан құрылған Орал және Гурев епархиясының басқарушы архиерейі болып тағайындалды.

1997 ж. 25 ақпанда Мәскеу және бүкіл Русь ІІ Алексиймен архиепископ мәртебесіне көтерілді.

2012 ж. 4 қазанда Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллдің басқаруымен өткен Орыс православие шіркеуінің қасиетті Синодының кезекті отырысында Қазақстан митрополит округі Орал епархиясының басқарушы архипастыр лауазымы Орал және Ақтөбе архиерейі лауазымына өзгерді.

Қызметі: Православие діндар адамдарының саны жағынан Қазақстанда исламнан кейінгі екінші орынды алатын діни бағыт болып есептеледі. Облыс аумағында Мәскеу Патриархатына қарасты «Қазақстандағы Православиеліқ  Шіркеуінің  Орал және Ақтөбе Епархиясы» аймақтық діни бірлестігі және оған қарасты 15 жергілікті діни бірлестік, соның ішінде 1 филиал бар. Сондай-ақ, православ бағытында 1-ежелгі православие шіркеуі, 1-көне әдет-ғұрып шіркеуі жұмысын атқарады.

Орал қаласында 8 жергілікті діни бірлестік бар болса, аудандарда – 7 шіркеу қызмет атқаруда. Орыс православие шіркеулеріне тұрақты келетін сенушілер саны 5 мыңға жуық. Жексенбі күндері шіркеулерге келушілер қалыпты түрде 35-45 адамды құрайды.

Орал және Ақтөбе Епархиясының басқа конфессиялармен өзара арақатынасы бірқалыпты, қақтығыстар мүмкіншілігі байқалмайды, қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Орал Православ епархиясы ай сайын басылып шығатын «Благовест» атты газеті және «www.uralsk-eparhiya.kz» сайты арқылы ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Еліміздің батыс аймақтарын қамтитын Орал және Ақтөбе епархиясында жалпы 38 діни қызметкер тіркелген. Соның ішінде 33 священник, 5 диакон бар. Батыс Қазақстан облысында 22 діни қызметкер (священнослужитель) тіркелген. Соның ішінде 19-ы орта арнаулы білімі бар болса, 18-арнайы діни білімі, ал 3- жоғары білімі бар.