О религиях

Католицизм

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КАТОЛИК ШІРКЕУІ

Католицизм – Қазақстандағы дәстүрлі конфессиялардың бірі, ұстанушылары мен діни бірлестіктері саны соңғы жылдары азаю үстінде. Бұл – діни қауымның көп бөлігін құрайтын немістер мен поляктардың тарихи Отанына қоныс аударуымен байланысты.

Мемлекеттің Рим-католиктік және Грек-католиктік шіркеулермен өзара қарым-қатынасының көп жылдық тарихы бар.

1992 ж. Қазақстан және Әулие Престол арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1998 ж. 24 қыркүйегінде Қазақстан  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ватиканға ресми сапары нәтижесінде Қазақстан және Әулие Престол арасында қол қойылған өзара қарым-қатынас келісімі қабылданды және 1999 ж. 19 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің №141 бұйрығымен бекітілді.

2003 ж. мамыр айында Қазақстандағы Рим-католик шіркеуінің ұйымдастырушылық құрылымы бекітілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда орталығы Астанадағы Әулие Дева Мария Архиепархиясы болып табылатын католиктік-шіркеулік провинциясы (митрополия) қызмет етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бес (5) грек-католиктік шіркеуі кіретін 84 католиктік діни бірлестік бар. Олардың құрамына Қарағандыдағы Епархия, Алматыдағы Аса қасиетті үштік епархиясы және Атырау қаласындағы Апостолдық Администратура кіреді.

Астанадағы Архиепархияны архиепископ Томаш Пэта басқарады. Қарағандыдағы Епархияға және Атыраудағы апостолдық әкімшілікке Януш Калета жетекшілік етеді. Алматыдағы Католиктік Епархияны епископ Луис Мумбиелла Сиерра басқарады.

Қазақстанда Католик шіркеуінің Жоғары рухани семинарлары бар. Олардың құрамына Қарағанды қаласындағы Пресветая Дева Мария Фатимская Кафедралды Соборы, Католиктік жоғары рухани семинариясы және «Босых Монахинь Ордена Пресвятой Девы Марии с горы Кармель» монастыры кіретін 107 культтік ғимараттары қызмет етеді.

«Каритас» республикалық қайырымдылық қоры қызмет атқарады.

2015 жылдың екінші тоқсанындағы есеп бойынша елімізде 209 мемлекеттен келген 238 ОКШ-нің шетелдік миссионерлері қызмет етеді, оның қатарында: Россиядан, Украинадан, Польшадан, Словакиядан, Германиядан, Австриядан, Италиядан, Филиппиннен, Кореядан, Үндістаннан, АҚШ-тан, Въетнамнан, Литвадан, Папуа-Жаңа Гвинеядан, Жаңа Зеландиядан, Кениядан, Руандадан, Перуден, Чехиядан.

Қазақстанның Рим-католиктік шіркеуінің «Кредо» газеті шығады.

Қазақстандағы Грек-католиктік шіркеуінің ресми тіркелген 5 қауымы бар. 

Батыс Қазақстан облысындағы Батыс Рим-Католик Шіркеуінің Қызметі (одан әрі - РКШ)

Филиал басшысы: Сакмар Петер – 2008 жылы Қазақстанға келіп, шіркеуде настоятель қызметін атқаруда.

Қызметі: Католицизм – Қазақстандағы дәстүрлі конфессиялардың бірі, ұстанушылары мен діни бірлестіктері саны соңғы жылдары азаю үстінде. Бұл – діни қауымның көп бөлігін құрайтын немістер мен поляктардың тарихи Отанына қоныс аударуымен байланысты.

Облыс аумағында Атырау Рим – Католик Апостолдық әкімшілігінің Орал қаласындағы филиалы қызмет атқарады. Словакия және Польша мемлекеттерінен келген 4 миссионер қызмет атқарады. РКШ-нің 2008 жылы тұрғызылған арнайы діни ғимараты бар. Жексенбі күндері шіркеуге келушілер саны қалыпты түрде 45-50 адамды құрайды.  Аталмыш діни бірлестіктің ғимаратында кәмелет жасына толмаған балаларға театрландырылған  үйірме қызмет жасайды.

РКШ-нің қызметіне қатысты қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ, діни ахуал бірқалыпты. РКШ-нің Орал қаласындағы филиалы қосымша ақпараттық-насихат жұмыстарын www.catholik-kazakhstan.kz сайты арқылы жүзеге асырады. 

2018 © Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы 
090000, БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі 45/1 
Сенім телефоны: +8 (7112) 24 46 46
Тел./факс: +8 (7112) 26 68 70
E-mail: dinzko@mail.ru

 

 

Разработка сайта   —