нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

Архив 2015

«Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ

090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі 45/1, 4-бөлме, анықтама алу телефоны 24 30 54, электрондық мекенжай:dinzkо@mail.ru

«Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орнына ашық конкурс жариялайды:

1.Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезеңіне,01.04.2016 ж.дейін),(санаты D-O-3), лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84 563 теңгеден 114 032 теңгеге дейін.

Функционалдық  міндеттері:

  • бөлімге жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлеріне тапсырма береді және   орындалуын бақылайды;
  • бөлімнің жұмыс жоспарын дайындайды және орындалысын қадағалайды;
  • әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырыстарының жұмыстарын ұйымдастырады, тиісті құжаттарын дайындайды және хаттамаларын рәсімдейді;
  • конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласында мемлекеттік саясатты сапалы және тиімді іске асыруға бағытталған басқарма қызметінің функцияларын жүзеге асыруына байланысты ұсыныстар береді;
  • Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын насихаттауды, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни салада конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлардың өткізілуін ұйымдастырады;    
  • білім ордаларында, елді мекендерде азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни ақпараттық-насихаттық топтарымен ағарту, түсiндiру жұмыстарын жүргiзеді;
  • облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді іс-шаралар жоспарына өз ұсыныстарын береді;
  • діндегі өзекті мәселелері бойынша,  дәйекті материалдар жинағын, оқу - әдістемелік материалдарын жасақтайды;
  •  дiни бiрлестiктердiң, өзге де заңды және жеке тұлғалардың дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарайды;
  • діни экстремистік идеяларын тарату мен ұлтаралық келеңсіздік туғызатын материалдар бойынша  діни бағыттағы интернет-сайттарға шолу жүргізіп, ұсыныстар дайындайды;
  • мемлекеттік ақпараттық саясаттың БАҚ-ы арқылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын насихатталуын қамтамасыз етеді;
  • облыс әкімі аппаратынан және басқа да органдардан келіп түскен құжаттарды бақылауға алады, бөлім қызметкерлерінің жұмыс барысын уақытылы жүзеге асыруын қадағалайды;
  • бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
  • облыс көлеміндегі діни оқу орындарының қызметін қадағалайды;
  • облыс аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, дiни оқу орындарының қызметтерiн зерделейді, талдайды  және паспортын, дерекқорын жасақтайды.

Үміткерге қойылатын талаптар: мамандық бойынша жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес, немесе ғылыми дәрежесінің болуы. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Гуманитарлық ғылымдар (теология, дінтану, шығыстану, тарих, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар («Болашақ» бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімімен өтуі тиіс.

Қазақстан Республикасы заңдылықтарын білу жөніндегі тестілеу бағдарламасына сай нормативтік актілерін білу. 

«Қазақстан - 2050» стратегиясы: - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы №251 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және конфессияаралық келісім, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Іс жүргізу негіздерін, компьютерде жұмыс істей білу.

Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар «Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ-не келесі құжаттарды тапсырады:

  • белгіленген нысандағы өтініш;
  • 3×4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;
  • білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде құжат тігілген мұқабаға салынып, тапсырылуы керек.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, поштамен немесе электрондық адресінежіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды  электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар осы кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде конкурс жарияланған «Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардыжәне сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі.

2015 жылдың 3 тамызына «Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бар бос орындар туралы ақпарат.

Дінтану сараптамасы, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы, Д-О-4 - 1 бірлік.

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткерлердің әңгімелесуге жіберілгендерінің ТІЗІМІ

1.    Доспаев Есимхан Ербулович. 

Конкурстық комиссиясы 22.05.2015 ж.

Бос орындар мұрағаты Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы бойынша әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға конкурс өткізу жөніндегі комиссия отырысының № 3 ХАТТАМАСЫ (қорытынды) 2015 жылғы 28 мамыр

Қатысқандар:

1. Комиссия төрағасы: Т.Р. Нығметов
2. Комиссия мүшелері: А.А.Нурмуханов С.М.Гиззатов М.А.Раманкулов М.Н.Нажмеденова
Хатшы: Н.А.Сейтакова
3. Сарапшы: М.Р.Асанов , А.Василий.
4. Байқаушы: Н.М.Ажгалиева, Р.Н.Аубакирова.

К Ү Н Т Ә Р Т І Б І

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін тапсырылған құжаттар, жүргізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде үміткерді бағалау.

Конкурстық комиссия мүшелері бос лауазымға орналасатын үміткердің кандидатурасын талқылау барысында әңгімелесу қорытындыларын қарап, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы D-O-3 категориясы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдық орынға орналасуға Е.Е.Доспаевтың кандидатурасы ұсынылсын.

Конкурстық комиссиясы
28.05.2015 ж