нашар көретіндерге арналған нұсқа қалыпты сайт нұсқасы
қазақшарусскийenglish

Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық және конфессияаралық келісімді одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз. Осынау бұлжымас ақиқатты сақтай отырып қана, біз мәңгілік халық, мәңгілік елорда және мәңгілік мемлекет туралы айта аламыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауы

БҚО дін мәселелерін зерттеу Орталығының жаңалықтары

15.11.2017

«Дін және ұлттық тарих» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2017 жылдың 15 қарашасында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының, Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дін және ұлттық тарих» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиінің бірінші орынбасары Ораз Серікбай, Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің басшысы Мейірбек Құбышев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д Амангелді Айталы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев, «Уақып» Қазақстандық қоры» Корпоративтік қайырымдылық қорының президенті Қайрат Айтбай, «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығының PhD докторанты Нұржан Стамбакиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев және басқа да тарихшы ғалымдар, дін саласындағы ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дінтану пәнінің мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының студенттері,  БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Шараның мақсаты - еліміздегі діни экстремизм мен радикализм қауіп-қатеріне қарсы тұрудың ғылыми-идеологиялық тәсілдерін пысықтау және практикалық шешімдерін қарастыру. Сонымен қатар қоғамның тұрақтылығын сақтаудағы және жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудағы дәстүрлі діни құндылықтардың орны мен рөлін ашып көрсету.

Конференция барысында облыс әкімі Алтай Көлгінов өңіріміздегі экстремизнің алдын алу және дәстүрлі діни құндылықтарды нығайту мақсатында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осы конференцияны ұйымдастырғаны үшін облыс әкіміне алғыс айтып, Қазақстан үшін ұлтаралық және дінаралық ынтымақтың маңызды екенін айрықша атап өтті. Министрдің айтуынша, Отанымыз – түрлі ұлт пен дінді ынтымақ жолында біріктіріп отырған айрықша аймақ. Жалпы, Қазақстандағы ислам – далалық исламның жарқын көрінісі. Яғни ұлттық салт-дәстүр мен дін өзара біте қайнасып кеткен. Сондықтан қазақта дінаралық, ұлтаралық қақтығыс болып көрген жоқ. – Міне, ата-бабамыздан қалған сол ұлы рухани мұраны көздің қарашығындай қорғау қажет. Рас, кей қандастар жат ағымның жолында жүр. Алайда түптің түбінде олардың дәстүрлі дінімізге кері оралатынына сенемін. Бұған дін және діни бірлестіктер туралы заңға енгізілетін өзгерістердің септігін тигізері сөзсіз. Алдағы мақсат – Қазақстанда исламтанудың жаңа модельдік үлгісін қалыптастыру, — деп баса айтты.

Әрі қарай конференцияға қатысушылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиінің бірінші орынбасары Ораз Серікбайдың «Қазақ руханиятын жаңғыртудың жаңа кезеңі», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталының «Дін және діндарлық: кеше және бүгін», Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің  «Яссауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Досай Кенжетаевтың «Дін және мәдениет қатынасындағы болмыстық тұжырымдар», Атырау облысы дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау» орталығы КММ-ның басшысы Мейірбек Құбышевтың «Атырау облысындағы ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарының бағыт-бағдарлары туралы», «Нұр-Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығының докторанты Нұржан Стамбакиевтің «Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі діни  сауаттылықтың мәні», М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті Жаңабек Жақсығалиевтің «Әулиеге құрмет: шындық пен күмән» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалды.

Конференцияның жұмысы 3 секциялық отырыспен жалғасты. Секциялық отырыстар «Рухани жаңғырудағы дәстүрлі дін мен ұлттық тарихтың ролі», «Тарихи кезеңдердегі ұлттық құндылықтар мен рухани мәдениет», «Діни экстремизмнің алдын алудағы ұлттық тарихтың алатын орны» тақырыптарында өтті.

Шараның қорытындысы бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары жұртшылыққа арнайы Үндеу жолдады.